бейсенбі, 19 наурыз, 2026 18:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда балабақша мен колледжде дау-дамайды реттейтін медиация қызметтері құрылады

Қазақстанда балабақша мен колледжде дау-дамайды реттейтін медиация қызметтері құрылады
фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Еліміздегі балабақшалар мен колледждерде дау-дамайларды реттейтін медиация қызметтері құрылады.

Министрлік барлық мектепке дейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында медиация жүйесін іске қосып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл бастама балалар, студенттер, педагогтар мен ата-аналар арасындағы түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа құрылым буллингтің алдын алуға бағытталады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, балабақшаларда аталған құрылым тәрбиешілер мен ата-аналарға бүлдіршіндер арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ балалардың бойында кішкентай кезінен бастап тіл табысу, бөлісе білу, ортақ мәмілеге келу және жанжалдардан бейбіт жолмен шығу дағдыларын қалыптастырады.

Колледждерде бұл тетік студенттер арасындағы араздықты шешуге, қорлық көрсету жағдайларына жол бермеуге және білім алушылар арасындағы қақтығыстарды азайтуға септігін тигізеді.

"Жұмыс барысы біркелкі болуы үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар мен ережелер негізге алынады. Онда дауларды шешу мен агрессияның алдын алудың нақты жолдары көрсетілген", - делінген хабарламада.

Медиация тобының құрамына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психологтар, әлеуметтік мамандар, ата-аналар, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ жас ерекшелігіне қарай білім алушылардың өздері де кіреді.

Ведомство өкілдері мұндай тәжірибе бұған дейін "100 медиативтік мектеп" жобасы аясында енгізілгенін атап өтті. Ол дау-дамайлардың алдын алуда және оқушылар арасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруда өз тиімділігін көрсеткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар