сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 14:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Израиль президенті мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылдануымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

“Сіздің “барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет” деген пікіріңізбен келісемін”, – деді Ицхак Герцог Тоқаевқа.

Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.

Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар