сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 15:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбедегі жол апатынан бес адам көз жұмды

Ақтөбедегі жол апатынан бес адам көз жұмды
Фото: әлеуметтік желіден
Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар