18 жастағы студент жұмыс іздеймін деп зорлықтың құрбаны болды
Шымкентте жұмыс іздеген 18 жастағы студент ер адамнан зорлық көріп, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүр болған. Ал қыздың туыстарының айтуынша, күдікті де, интим қызметті ұйымдастырушылар да әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған.
Жәбірленуші бұл жағдайдың былтыр жазда болғанын айтты. Оған әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыру келіп, оған жауап беріп, кейіннен “боди-массаж” қызметін көрсететін ғимаратқа барған. Бірақ кейін ол сол жерден шыға алмай қалған. Олар қызды күштеп ұстаған. Есіктің қасында күзетшілер тұрған. Ал қызметкерлер оған тек тұрғындарға массаж жасайтынын айтып, уәде еткен.
Зардап шеккеннің шағымына қарамастан, ғимарат әлі де монша ретінде жұмыс істеп тұр. Қыздың ата-анасы тиісті органдардың әлі ешқандай шара қолданбағанына наразы.
“Мұның соңы бола ма, жоқ па? Егер ертең қызымды күштеп шетелге әкетсе немесе өлтірсе, мен не істеймін? Бізге бірнеше рет қауіп төнді. “Егер істі тоқтатпасаңдар, өлтіреміз” деп қоқан-лоқы көрсетті”, – дейді қыздың анасы.
Қазір іс “Зорлау” бабымен тергеліп жатыр. Полицияның мәліметінше, қажетті сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері шыққан соң соңғы процессуалдық шешім қабылданады.
Жапа шеккен қыздың отбасы тек зорлық жасаған ер адамды ғана емес, қызды алдап әкелген ұйымдастырушыларды да жауапқа тартуды талап етеді. Туыстары іс сотқа тезірек жіберілуін сұрап отыр.