Қоғам

Танымал блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

Прокурордың сөзінше, қылмысы дәлелденсе танымал блогерлерге ең ауыр жаза берілуі мүмкін.

Астана қаласының аға прокурорының көмекшісі Олжас Хайруллаев істі болған танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы әйелі Эльмира Төлегеноваға қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Прокурор Хайруллаев Қылмыстық кодекстің 218-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұл көлемі 7 мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін жетуі мүмкін екенін айтты.

Прокурордың сөзінше, қылмысы дәлелденсе танымал блогерлерге ең ауыр жаза берілуі мүмкін. 

Еске сала кетсек, ерлі-зайыптыларға Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабының 2-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)») бойынша айып тағылған. Негізгі сот талқылауы 16 наурызға белгіленген. Тергеу нұсқасы бойынша, ерлі-зайыптылар Instagram желісінде 15 миллионнан астам аудиториясын пайдаланып, 2025 жылы онлайн-курстарды сату түрінде схема ұйымдастырған. Олар акция аясында ең көп репост жасаған қатысушыға «11-ші автокөлікті» сыйға береміз деп уәде берген. Алайда жеңімпаз анықталмаған және көлік тапсырылмаған.