Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Қазақстанда биыл қасиетті Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл түні мұсылмандарға Құран оқу, қосымша намаздар орындау, дұға жасау, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесіп, ізгі істер істеу ұсынылады. Ел мешіттерінде ұжымдық құлшылықтар, түнгі намаздар мен рухани уағыздар айтылады. Сондай-ақ, бұл түннің алдында өкпе-реніштерді кешіріп, айналадағы жандардан кешірім сұрау маңызды болып саналады.
Қадір түні күн батқаннан бастап таң атқанша жалғасады. Биыл Қазақстанда Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Ораза айт мерекесі 20 наурыз күні атап өтіледі.