Сайлау уческелерінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.
Еліміздегі референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмеді. Бұл туралы Референдум – 2026 онлайн-марафоны аясында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, сайлау комиссиялары мен байқаушылардың жұмысына және азаматтардың еркін дауыс беруіне қажетті барлық жағдайды жасаған.