Смағұлов Ербол Хамитовқа көлік сыйлады
Ол 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитовке Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйға тартты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қазақстандық спортшы 13 наурыз күні Италияда өткен 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұған дейін ол парашаңғы жарысында 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлде иеленген еді.