Арыс ауданында жоқ малға субсидия алып, алаяқтық жасаған әйел сотталды
Прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Арыс ауданында агроөнеркәсіп саласында аса ірі мөлшерде бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Orda.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бас прокуратура мәліметінше, «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылдың сәуір айында ақпараттық жүйеге 2470 бас аналық ірі қара малды жалға алғаны туралы жалған мәлімет енгізген. Сондай-ақ селекциялық жұмыс жүргізу үшін 120 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алғанын мәлімдеген.
Нәтижесінде оның кооперативтің банктік есепшотына 24 700 000 теңге көлемінде субсидия қаражаты аударылған.
Прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Төрайым кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.