Әлеумет

Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция мәйіттің табылғанын растады.

Ақтөбе қаласында қоқыс алаңынан үлкен сөмкеге салынған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бойы жатқан сөмкеден күлімсі иіс шығып, қолқаны қабатын сасық иіс сол маңда мүңкіп тұрған. 

Полиция мәйіттің табылғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, қоқыс алаңынан 55 жастағы ер адамның денесі табылған.