Қоғам

Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астанадағы №11 қалалық емханада жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында медицина саласына қатысты жаңашылдықтар мен алдағы референдум мәселелері талқыланды.

Кездесуге №1 көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Ербол Сәрсенбаев, қоғам қайраткері Фарида Даримова, Қазақстан Халық партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің маманы Мағжан Молдахмет және «Ақ жол» партиясының өкілі Жанаргүл Құлмағамбетова қатысты.