Қоғам

Таразда оқушы қызды қатарластары кастетпен ұрып, реанимацияға түсірген (видео)

Анасының айтуынша, енді күдіктілердің туыстары қоқан-лоқы көрсетуге шыққан.

Таразда оқушы қызды қатарластары жабылып ұрып-соққан. Анасының айтуынша, жасөсіпірім жансақтау бөліміне түскен.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жәбірленушінің анасы қызының жағдайы ауыр екенін айтты.

Полиция болған оқиғаны растады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталған. Жәбір көрген қыздың анасының айтуынша, қазір зорлықшылардың туыстары отбасына қысым көрсетіп, қорқытып жүр.

Полиция мәлімедегендей, кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.