Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде су бермегенін айтты
Ол сөзінде бортсерікке деген өкпесі қара қазандай екенін жасырмады.
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде болған келеңсіз жағдай жайлы жазды. Ол сөзінде бортсерікке деген өкпесі қара қазандай екенін жасырмады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол шөлдеген соң, ұшақ қызметкерінен бір бөтелке су сұраған. Алайда бортсерік оған «Бөтелкедегі су жоқ» деп жауап берген. Дегенмен ол: «Олай болса, ауызашар уақыты таяғанда бір стақан су беріңізші» деп өтініш жасаған.
Бұл оның ашуына тиген.
Сондай-ақ әнші мұндай жайтты бұрын бұлай әлеуметтік желіге жазып көрмегенін. Бірақ бұл жолы шамына қатты тигенін айтқан.