Қоғам

Атырауда қызды ұрып кейін стримге түсірген жігіт ұсталды

Атырауда әлеуметтік желідегі стримнен кейін қызға қол көтерген жігіт ұсталды.

Атырауда 21 жастағы жергілікті тұрғын әлеуметтік желілерде видео жариялады. Онда ол көрермендерге қоштасып, қолындағы пышақ пен жараларын көрсетті. Жанында 19 жастағы қыз болды. Оның қорқып тұрғаны және бет-аузынан қан іздері көрініп тұрды. Жігіт оны да көрермендерге сөйлетуге мәжбүрлеген. 

Алғашқы деректер бойынша, видеоны жариялаған соң, жігіт бірнеше сағат бойы қызды соққыға жығып, пышақ жараларын салған. Көбін ол әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен.

Қыз ауруханаға жеткізілді, оған медициналық көмек көрсетілуде. Күдікті өз әрекетін досының өз-өзіне қол жұмсауынан кейінгі эмоционалды күйімен түсіндірді.

Жігіт ұсталып, іс қылмыстық кодекстің 110-бабы ("Азаптау") және 147-бабы ("Жеке өмірге қол сұғу") бойынша қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.