Әлеумет

Наурыз бен Мейрамгүлдің денесі жер қойнына тапсырылды

Олардың мәйіттерін Геолог шағынауданындағы жалдамалы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткеннен кейін мәйіттері табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денелері жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Атырау қаласының маңындағы Геолог шағынауданында Жангелдин ауылының тұрғындары Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттері табылғаны белгілі болған еді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың денелері күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаян бұрын жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Тергеу барысында Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олардың мәйіттерін Геолог шағынауданындағы жалдамалы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеу органдары көрсетілген аумақта қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде аталған жерден екі адамның мәйіті табылған.