Қоғам

Астана-Қарағанды тасжолында ірі жол апаты болды

Тасжолда жеті көлік соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, тасжолдың 147-шақырымында жеті көлік соқтығысқан. Апаттың ықтимал себептерінің қатарында ауа райының қолайсыздығынан болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оқиға бүгін, 10 наурызда, шамамен сағат 11:00-де болған.

Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп толықтырды баспасөз қызметі.