Астанадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Бүгін Астана қаласының «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері №7 қалалық емханада медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Oimaq.kz.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаты Динара Байсеркина, №1 көпбейінді қалалық ауруханасының директоры Ербол Сәрсенбаев, «Қоғамдық денсаулық» ЗТБ төрағасы Сәбит Әбдірайымов және «Ақ жол» партиясының өкілі Жанаргүл Күлмағамбетова қатысты.
Жиында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер, медициналық қызметтің сапасын арттыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ медицина саласына енгізіліп жатқан реформалардың маңызы айтылды.
Емхана қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, салаға қатысты ұсыныстарын білдірді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті.