Әлеумет

Атыраудағы қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, оларды Сұлтан Сарсемалиев пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Атырау ақпаратқа сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, кешке Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері отбасыға Наурыз бен Мирамгүлдің денелері Геолог шағынауданындағы үйлерінің маңынан табылғанын хабарлаған. Дәл сол жерде күдікті бұған дейін айына шамамен 50 мың теңгеге уақытша пәтер жалдап тұрған.

Отбасының айтуынша, жерлеу рәсімі Жангелдин ауылында, ата-аналарының қабірінің жанында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін олардың ата-анасын да Сұлтан Сарсемалиев өлтіріп, денелерін шаруашылық құрылысына көміп тастағаны хабарланған.

Туыстарының мәліметінше, Сұлтанның әйелі Ақбаян Мұқанғалиева қазіргі уақытта Авангард шағынауданындағы психологиялық қолдау орталығында болып, медициналық-психологиялық көмек алып жатыр. Бұған дейін ІІМ оның іс бойынша күдікті ретінде қаралып жатқанын хабарлаған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.