1 шілдеден бастап самокаттарға нөмір тіркеу міндеттеледі
Электр самокатқа берілген тіркеу нөмірін есепке алынады.
Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электрлі самокаттарға тіркеу нөмірін тағу міндеттеледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, электр самокатқа берілген тіркеу нөмірін есепке алу келесі мәліметтерді қамтиды:
маркасы, моделі және шығарылған жылы;
сериялық нөмірі;
пайдалануға берілген және пайдаланудан шығарылған күні;
техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы мәліметтер;
тіркеу нөмірі.