Жаңа заң: Енді дәрігерге қол көтергендер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
- авторОймақ
- Бүгін, 09:04
- 110
7 -наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерінің қауіпсіздігін күшейтетін жаңа нормалар қолданысқа енді. Енді ақ халаттыларға қатысты жасалған кез келген заңсыз әрекет үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды.
Қылмыстық кодекстегі өзгерістерге келсек, енді заңнамада медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қызмет бабында қол сұғушылық үшін жеке бап қарастырылған:
Қоқан-лоққы көрсету бойынша тоқталсақ. Күш қолданамын деп қорқытқаны үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады (ауырлатушы жағдайларда – 3 жылға дейін).
Денсаулыққа жеңіл зақым келтіргені үшін 3 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.
Ауыр соққыға жыққаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін, ал аса ауыр жағдайларда 12 жылға дейін түрме жазасы беріледі.
Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тек заң ғана емес, техникалық құралдар да іске қосылады.
2 мыңнан астам фельдшер арнайы бейнежетондармен қамтылады, 636 қабылдау бөлімінде «дабыл түймелері» орнатылады және 152 ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттері болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





