дүйсенбі, 9 наурыз, 2026 21:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Щучинсктегі жарылыс: зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды

Щучинсктегі жарылыс:  зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
Щучинсктегі кафеде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды, Oimaq.kz облыстық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі соңғы екі күнде Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмғаны хабарлады.

"Дәрігерлердің оларды аман алып қалудағы күш-жігеріне қарамастан, ауыр халдегі тағы екі адам қайтыс болды: 8 наурызда "Авиценна-Бурабай" стационарының жансақтау бөлімінде жатқан пациент қайтыс болды, ал 9 наурызда Көкшетау облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан адам көз жұмды", - деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

Ведомство өкілдері ақмолалық дәрігерлер зардап шеккендерді аман алып қалу үшін күресуді жалғастырып жатқанын және медициналық көмек толық көлемде беріліп жатқанын атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар