Милад Карими күміс жүлденің иегері атанды
Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды.
Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
Финалда Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үздік үштікті Анхель Барахас (Колумбия) түйіндеді - 14.400 ұпай.
Ал Диас Тойшыбек 13.900 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған еді.
Сондай-ақ бүгін, 8 наурызда ат снарядындағы жаттығулар бойынша ақтық бәсеке өтті. Бұл жаттығуда Нариман Құрбанов бесінші орын алса, Зейнолла Ыдырысов жетінші нәтиже көрсетті