"Көңілдері көтеріңкі, жүздері қуанышқа толы": Руслан Өтепбай ерекше жазба жариялады
- авторОймақ
- 8 наурыз, 2026
- 63
Елімізге танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.
Ол кезінде ауыр тағдырды бастан өткерген қос қыздың бүгінде көңіл күйі өзгеріп, өмірге деген үміті артқанын айтты.
Өтепбайдың сөзінше, қазір Назгүл мен Құндыз қауіпсіз жерде, арнайы орталықта тұрып жатыр. Ол қыздардың жүзінен бұрынғыдай қорқыныш емес, үміттің нұрын байқағанын жеткізді.
Сондай-ақ, Құндыз көктемнің келуімен шашын сары түске бояуды сұраған.
Журналистің пікірінше, бұл оның жаңа өмірге деген қадамы болуы мүмкін. Бұдан бөлек, орталықта өткен мерекелік кеште Назгүл сахнада билеп, ал Құндыз ән айтқан.
«Көңілдері көтеріңкі, жүздері қуанышқа толы. Ең бастысы – қыздар аман, қауіпсіз жерде. Қос қарындасым енді тек күліп жүрсе екен деп тілеймін», – деп жазды Руслан Өтепбай.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






