Саясат

СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Бірқатар елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады.

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін бірқатар елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады.

Олардың ішінде Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сирия елдері көрсетілген.