Әлем

Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыстағы бірқатар елдерге бармауды ұсынды

Жағдай тұрақтанғанға дейін бас тартуды қатаң түрде ұсынды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсыным әзірледі, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:

-Бахрейн

-Мысыр

-Израиль

-Йемен

-Иордания

-Ирак

-Иран

-Қатар

-Сауд Арабиясы Корольдігі

-Кувейт

-Ливан

-БАӘ

-Оман

-Сирия