Қоғам

Индонезияда ұсталған күдікті ерлі-зайыпты Қазақстанға қашан экстрадицияланатыны белгілі болды

Қазіргі уақытта күдіктілерді елге қайтару бойынша қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Индонезияда ұсталған күдіктілер наурызда Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

Индонезияда қолға түскен Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева наурыз айында Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктілерді елге қайтару бойынша қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр.

«Жақын уақытта екі күдіктіні Индонезиядан Қазақстанға жеткіземіз. Барлық тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы айдың ішінде алып келуді жоспарлап отырмыз», – деді Санжар Әділов.

Сонымен қатар Атырау облысында із-түссіз кеткен тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта бұл іске арнайы тергеу тобы жұмылдырылған.