бейсенбі, 5 наурыз, 2026 13:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таразда 2500-ден астам азаматтың зейнетақысы төленбеген

Таразда 2500-ден астам азаматтың зейнетақысы төленбеген
istockphoto.com
Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Таразда 2500-ден астам азаматтың құқығы қорғалды

Тараз қаласының прокуратурасы 2515 азаматтың конституциялық құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Прокурорлық тексеру барысында 2025 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-нің 650 қызметкеріне тиесілі міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмағаны белгілі болды. Жалпы берешек көлемі 20 миллион теңгеден асқан.

Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін заңбұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің зейнетақы жарналары толық көлемде қорға аударылды.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар Тараз қаласының білім бөліміне қарасты мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда да анықталған. Атап айтқанда, 1895 қызметкердің зейнетақы жарналары уақытында төленбей, жалпы сомасы 283 миллион теңге берешек қалыптасқан.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 300 миллион теңге көлеміндегі зейнетақы жарналары толық өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар