сәрсенбі, 4 наурыз, 2026 16:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада қысқы қармақпен балық аулау бойынша чемпионат өтті

Астанада қысқы қармақпен балық аулау бойынша чемпионат өтті
Фото: Астана қаласының Спорттық балық аулау федерациясы
Есіл өзенінде қысқы қармақпен спорттық балық аулау бойынша Астана қаласының чемпионаты өтті. Жарысты Астана қаласының Спорттық балық аулау федерациясы ұйымдастырды. Іс-шараға елорданың тәжірибелі спортшылары мен балық аулау әуесқойлары қатысып, турнир жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, деп хабарлайды Oimaq.kz

Жарыстың әділ өтуін кәсіби төрешілер алқасы қамтамасыз етті. Бас төреші қызметін Бақытжан Әділбеков атқарса, төреші-хатшы міндетін Андрей Рогов орындады. Ал балық аулау аймақтарында төреші ретінде Данил Коротовский жұмыс істеді.

Ұйымдастыру комитеті жарысқа алдын ала дайындық жүргізіп, Есіл өзенінің ерекшеліктерін ескере отырып балық аулау аймақтарын белгіледі. Сонымен қатар төрешілер штабы құрылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған марапаттар – кубоктар, медальдар және грамоталар дайындалды.

Жарыс бағдарламасы қатысушыларды тіркеу, салтанатты ашылу, балық аулау құралдарын тексеру, негізгі жарыс кезеңі, нәтижелерді есептеу және марапаттау рәсімінен тұрды.

Тартысты өткен чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
    •    І орын — Абай Мұқанов
    •    ІІ орын — Антон Родионов
    •    ІІІ орын — Амангелді Салықов

Ал «Big Fish» номинациясы (ең ірі балық аулағаны үшін) бойынша Вячеслав Байгужин жеңімпаз атанды.

Чемпионаттың басты ерекшелігі – оның қайырымдылық бағытта өтуі болды. Жарыс барысында ұсталған барлық балық жануарларға арналған баспанаға берілді. Бұл бастаманы Астана қаласының Спорттық балық аулау федерациясының жастар қанаты саналатын «Добро рулит» клубының еріктілері жүзеге асырды.

Сонымен қатар еріктілер аз қамтылған отбасыларға арналған азық-түлік себеттерін дайындап, таратып берді.

Осылайша, Есіл өзенінің жағасында өткен чемпионат спорт пен қайырымдылықты ұштастырған маңызды іс-шараға айналды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар