Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Сауд Арабиясынан жеке ұшағымен кетіп қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде The Sun басылымы жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Басылымның мәліметінше, 3 наурызға қараған түні Эр-Риядтағы АҚШ елшілігі маңында дрондармен соққы жасалған. Осы оқиғадан кейін футболшының шамамен 61 миллион фунт стерлинг тұратын (шамамен 40,6 млрд теңге) жеке ұшағы елден ұшып шыққан.
Португалиялық жұлдыз 2025 жылдан бері Bombardier маркалы жеке ұшақтың иесі. Ұшақ арнайы оның стилінде безендірілген: фюзеляжына CR7 инициалдары мен гол соққаннан кейінгі әйгілі қуануының силуэті салынған. Әуе кемесі 14–17 жолаушыға арналған, ішінде демалыс аймағы, жұмыс істеуге арналған орындар және душ бөлмесі де бар.

Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтарында Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен келісімшартқа қол қойып, Эр-Риядқа көшіп барған. Кейін келісімшарт мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылған. Футболшы соңғы жылдары сүйіктісі мен балаларымен бірге осы аймақта өмір сүріп келген.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасаған. Сол күні Иран да жауап ретінде Израильдегі және араб елдеріндегі АҚШ әскери базаларына шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта тараптар арасындағы өзара шабуылдар жалғасып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Екі жас қазақстандық ұзақ мерзімге түрмеге қамалды
Ұқсас жаңалықтар
"Қайрат" наурыз соңында "Зенит" командасымен жолдастық матч өткізеді
- авторОймақ
- 3 наурыз, 2026
Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі “Гранд-Слэм” турнирінен жүлдесіз аяқтады
- авторОймақ
- 2 наурыз, 2026






