Әлем

Иран Бахрейндегі АҚШ әуе базасына соққы жасады (видео)

Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Бахрейндегі АҚШ базасына зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді.

РИА Новости басылымның IRNA агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, ирандық әскерилер Бахрейндегі АҚШ әскери-әуе күштері базасының штабын және негізгі басқару ғимаратын тас-талқан еткен.

"Шынайы уәде" операциясының 14-ші толқыны кезінде ИРСК-тің әскери-теңіз күштері бүгін таңертең Бахрейннің Шейх-Иса аймағындағы АҚШ әуе базасына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды қолданып ауқымды шабуыл жасады", - деп келтірді агенттік ИРСК хабарламасын.

Агенттіктің мәліметінше, Иран Қарулы Күштері шабуыл үшін 20 ұшқышсыз ұшу аппаратты пен 3 зымыран қолданған.