Алматылықтар енді зираттан орынды онлайн таңдауына болады
Алматыда енді зираттағы орынды онлайн таңдауға және алдын ала брондауға болады. Қала тұрғындары мазараттардағы бос орынның бар-жоғын үйден шықпай-ақ біле алады. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро бағдарламасында айтылды.
Алматыда мазараттағы орынды енді онлайн таңдауға және алдын ала брондауға болады. Қала тұрғындары бос орынның бар-жоғын үйден шықпай-ақ біле алады. Бұл туралы Информбюро хабарлады.
Қызмет Orynai сервисі арқылы жүзеге асырылады.
Orynai сервисі қалай жұмыс істейді?
Сайтқа кірген қолданушыға екі батырма ұсынылады:
«Маманға қоңырау шалу» – оператор арқылы кеңес алу;
«Жерлеуді ұйымдастыру» – зиратты таңдап, орынды брондау.
Екінші қызметті таңдағанда, қаладағы негізгі зираттардың тізімі шығады. Әр мазараттың интерактивті картасы ұсынылады.
Картада:
сұр түсті тіктөртбұрыштар – толтырылған орындар;
қоңыр түсті белгілер – резервтелген орындар;
жасыл түспен белгіленгендері – бос жерлер.
Осылайша, тұрғындар қалаған орынды таңдап, ақысын төлеп, алдын ала брондай алады.
Алматыдағы зираттар саны
Алматы қаласында жалпы 70 зират бар. Алайда олардың тек 9-ы ғана жерлеуге ашық. Қалған мазараттарға жерлеуге рұқсат берілмейді.
Қоғам пікірі екіге жарылды
Онлайн брондау жүйесін қолдайтындар бұл қызметті уақыт үнемдейтін, заманауи шешім деп бағалайды.
«Қазір бәрін онлайн жасаймыз. Уақытымыз тығыз. Зиратта орын бар-жоғын алдын ала білу ыңғайлы. Бұл – заман талабы», – дейді қала тұрғыны.
Алайда кейбір алматылықтар бұл бастаманы ерсі санайды. Олардың пікірінше, қабір орнын алдын ала брондау моральдық тұрғыдан ауыр әрі жат көрінеді.
«Адамның қашан көз жұматынын ешкім білмейді. Алдын ала орын алып қою дұрыс емес», – дейді тұрғындардың бірі.
Заманауи шешім бе, әлде дәстүрге қайшы қадам ба?
Жаңа сервис қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірі – қажеттілік десе, енді бірі – дәстүр мен моральға қайшы деп есептейді. Дегенмен, цифрландыру үдерісі тұрмыстың барлық саласына дендеп еніп жатқан тұста, мұндай қызметтердің сұранысқа ие болуы заңды құбылыс екені байқалады.