Әлем

Мелания Трамп БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде баяндама жасады

"Қақтығыстар надандықтан туындайды, ал білім түсіністікке жол ашады»

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде білім беру арқылы бейбітшілік орнату тақырыбында баяндама жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 2 наурызда Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын ашты. Бұл  халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты басты органның отырысына қызметтегі бірінші ханымның төрағалық етуінің алғашқы жағдайы. Наурыз айында Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету кезегі АҚШ-қа өтті.

Өз сөзінде Трамп «бейбітшілік нәзік болмауы керек» деп мәлімдеп, тұрақты бейбітшілікті білімге қолжетімділікпен тікелей байланыстырды. Сөйлеген сөзінің негізгі тезисі: білім  қауіпсіздік пен өркениет болашағының негізі.

Ол білімге негізделген қоғамдардың бейбітшіл екенін, ал надандық қақтығыстар мен соқыр сенімдерді тудыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ой еркіндігін шектеу  мемлекеттің болашағын шектеу деген сөз.

Технологиялар мен жасанды интеллектінің (ЖИ) рөліне ерекше тоқталды. Бірінші ханым ЖИ миллиардтаған адамға білім алуға жол ашып, «білімді демократияландыратынын» және географиялық шекарасыз жаңа жаһандық шындықты қалыптастыратынын айтты.

Мелания Трамп елдерді идеология арқылы емес, түсіністік арқылы бейбітшілік орната алатын көшбасшылар ұрпағын тәрбиелеу үшін білім мен технологияға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырды.

«Қақтығыстар надандықтан туындайды, ал білім түсіністікке жол ашады», - деп түйіндеді ол Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне білім беруді жаһандық тұрақтылықтың негізі ретінде қорғауға шақырып.