Әли Хаменеиді өлтіру үшін АҚШ жасанды интеллектіні пайдаланған ба?
- авторОймақ
- Бүгін, 09:05
- 78
Дереккөздерге сүйенсек, алгоритмдер нысана таңдау мен соққы сценарийлерін модельдеуге тартылған. Бұл жағдай АҚШ президенті Дональд Трамп аталған компаниямен ынтымақтастықты тоқтату жөнінде ресми шешім қабылдағаннан кейін небәрі бірнеше сағаттан соң болған. Басылым дерегінше, Таяу Шығыстағы операцияларды үйлестіретін АҚШ әскерінің құрылымдары ЖИ жүйесін нақты уақыт режимінде пайдалануды жалғастырған. Әңгіме барлау ақпаратын өңдеу және соққы бағыттарын есептеу туралы болып отыр. Ақ үй мен технологиялық компания арасындағы текетірес Anthropic бас директоры Дарио Амодеи әскерилерге өз өнімдеріне шектеусіз қол жеткізу беруден бас тартқан соң ушыққан. Трамп бұл шешімді қатал сынға алып, әлеуметтік желідегі жазбасында компанияның ұстанымын «ұлттық қауіпсіздікке қатер» деп бағалаған. Өз кезегінде Anthropic өкілдері федералды келісімшарттардан шеттетілгені үшін әкімшіліктің шешімін сотта даулауға ниетті екенін мәлімдеді. Компания әскери тапсырыстар үшін өз қағидаттарынан бас тартпайтынын атап өтті және толық автономды қару мен жаппай ішкі бақылауға қарсы екенін тағы да растады. Материалда бұл жанжал Иранға қарсы жүргізілген операциялар аясында өрбігені көрсетіледі. Сол операциялар барысында ЖИ жүйелері шешім қабылдау процестерін жеделдетуге пайдаланылған. Сол арада ирандық мемлекеттік БАҚ мәліметіне сүйенген хабарламаларда Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаны айтылды. Сонымен қатар Иранда жоғарғы көшбасшының міндетін уақытша атқарушы болып Аятолла Арафи тағайындалғаны хабарланды. Материалда бұған дейін осы жасанды интеллект жүйелері өзге де құпия операцияларда пайдаланылғаны, соның ішінде Венесуэла президенті Николас Мадуро төңірегіндегі операцияда қолданылғаны туралы дерек келтіріледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






