Саясат

Таяу Шығыста зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ

"Жаңа мәлімет шыққан кезде оны жедел жариялаймыз"

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста ел азаматтарының зардап шеккені туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдармен және шетелдік билікпен тәулік бойы бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Сыртқы істер министрлігінде және шетелдегі елшіліктерде шұғыл байланыс желілері жұмыс істеп тұр. Қақтығыс аймағында жүрген азаматтардың нақты саны анықталып жатыр, бірақ транзиттік аймақтардағы адамдардың нақты санын айту қиын.

Дипломаттар туристік компаниялармен бірлесе отырып, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарға көмек көрсетіп жатыр.

Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан қауіпсіз түрде шығару бойынша жоспарлар пысықталуда. Қосымша ақпарат министрліктің ресми сайтында және Kaspi Travel қосымшасы арқылы жарияланады.