Air Astana компаниясы елге орала алмай жатқан қазақстандықтарға мәлімдеме жасады
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің тоқтатылуына қатысты жолаушыларды қолдау үшін бірқатар шара қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Air Astana компаниялар тобы рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты үйіне ұша алмай қалған жолаушыларды қонақүйлерге орналастырды. Қазір Дохада – 174 адам, Делиде – 231, Дубайда – 330 жолаушы орналастырылған.
Компанияның хабарлауынша, қалыптасқан жағдай форс-мажор сипатта болғанына қарамастан, жолаушыларға бір тәулікке тегін қонақүйде тұру мүмкіндігі берілген. Сонымен қатар Air Astana Дубайдағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерімен бір тәулік тегін тұру мерзімі аяқталған соң жолаушылар үшін арнайы тарифтер ұсыну туралы келісім жасаған.
Әрі қарай тұру мәселесін ұйымдастыру, құқықтық көмек алу немесе елге қайтару (репатриация) мәселелерін шешу үшін жолаушыларға Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлеріне хабарласуы қажет.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
+7 7172 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті);
+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат).
Қазақстанның Ирандағы елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933 (елшіліктің кезекшісі);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp).
Горган:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (WhatsApp).
Бандер-Аббас:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).
Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі:
+962 777 688 885.
Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі:
+971 50 508 5226;
+971 2 449 8778.
Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы:
+971 50 570 1978.
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігі:
+966 55 663 0177.
Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулдығы:
+966 50 547 3698.
Қазақстанның Катардағы елшілігі:
+974 5064 9955;
+974 5100 0733.
Қазақстанның Кувейттегі елшілігі:
+965 6704 2545.
Қазақстанның Ливандағы елшілігі:
+961 471 3467;
+961 471 3447.
Қазақстанның Бахрейндегі Бас консулдығы:
+973 3348 0890.
Қазақстанның Израильдегі елшілігі:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші);
+972 54 878 4608 (ұялы, WhatsApp);
+972 53 272 1815 (ұялы, WhatsApp);
+7 701 731 4177 (WhatsApp).