Балалар – кез келген қақтығыстағы ең осал топ – Динара Закиева
Ондаған бала қаза тауып, көптеген бала жарақат алған.
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған бала қаза тауып, көптеген бала жарақат алған трагедияға байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.
Омбудсменнің айтуынша, құқық қорғау саласындағы әріптестерімен бірге бұл қасіретті оқиғаға қатты күйзелген. Ол мектептердің «бейбіт аймақтар» екенін, ал білім беру мекемелеріне жасалған шабуыл халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылатынын атап өтті.
Омбудсмен Қазақстанның әрдайым келіспеушіліктерді бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік жолында реттеуді қолдап келе жатқанын айтып өтті.
Өкілетті уәкіл халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырды.
Динара Зәкиева Минаб қаласындағы мектепте қаза тапқан балалардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.