жексенбі, 1 наурыз, 2026 11:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте ірі алақтықтың жолы кесілді

Шымкентте ірі алақтықтың жолы кесілді
фото скрин
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ Шымкент қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық және бопсалау деректеріне қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күдікті алаяқтық жолмен құны шамамен 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденген. Ол есеп айырысу криптовалютамен (биткоинмен) жүргізіледі деген сылтаумен компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеуді ұйымдастырған. Заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған мәліметтер берілген, яғни іс жүзінде төлем жасалмаған.

Кейін жағдайды пайдаланып, күдікті экс-иесіне компанияда оған қатысты әшкерелейтін материалдар бар екенін айтып, оларды таратпау үшін 250 мың АҚШ долларын талап еткен.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін 150 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталды.

Алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар