Қоғам

Щучьедегі жойқын өрт: қаза тапқандардың тізімі жарияланды

Әлеуметтік желілерде Щучье қаласындағы дәмханалардың бірінде болған өрттен қаза тапқандардың алдын ала тізімі жарияланды. Тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Қаза тапқандардың алдын ала тізімі:

Попова Ирина Юрьевна (1981 ж.т.);

Казанцева Елизавета Дмитриевна;

Никитина Наталья Владимировна;

Евдокимов Вячеслав;

Ашуарбеков Зухредин;

Явкина Маргарита;

Аты-жөні белгісіз әйел адам.

Желіде тараған құжатқа сәйкес, зардап шеккендер туралы да мәліметтер келтірілген.

Жансақтау бөлімінде (жағдайлары ауыр):

Гиясова Зарина Исмаиловна — 50% термиялық күйік (травматологиядан ауыстырылған);

Казанцева Татьяна Александровна — 18% термиялық күйік, күйік шогы;

Киселева Юлия Алексеевна — 50% термиялық күйік;

Ибрагим Павел — 70% термиялық күйік, ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратына қосылған;

Чен Дмитрий Леонидович — 50% термиялық күйік, ӨЖЖ аппаратында;

Ахмедов Рахимжон Асад Угли — 36% термиялық күйік;

Цурова Динара Баймуллиновна — 80% термиялық күйік, ӨЖЖ аппаратында;

Саркесян Оксана Мамвеловна — 45% термиялық күйік.

Травматология бөлімінде:

Кан Александр Казимирович — термиялық күйік;

Рахимжанов Сайлау Сабитович — термиялық күйік;

Рахимжанова Кымбат Канатовна — термиялық күйік;

Цурова Рамина Муссаевна — термиялық күйік.

Хирургия бөлімінде:

Зиякин Алексей Юрьевич — термиялық күйік.

Амбулаторлық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілгендер:

Еспанов Алибек Оразбекович;

Афанасьев Владислав Александрович;

Алиев Алишер Абаевич;

Хасенов Мухтар Бельгибаевич;

Альбеков Тимур Рустемович.

Айта кетейік, Бурабай ауданының Щучье қаласында тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылған болатын. Жарылыстан кейін өрт басталды. Тілсіз жау қысқа мерзімде ауыздықталғанымен, зардаптар өте ауыр болды. Жедел мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, өртенген дәмхана ғимараты 2022 жылға дейін дүкен ретінде пайдаланылған. Кейін иелері оны қоғамдық тамақтану нысанына айналдыруға рұқсат алған.