Әлеумет

Шымкентте 36 жастағы мұғалім 7 жасар қызға тиісті деген күдікке ілінді

Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Шымкенттегі орта мектептердің бірінде 36 жастағы мұғалім 7 жасар қыз балаға қатысты «сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасады» деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап, артынша қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.

Оқушының анасының айтуынша, оқиға сабақ уақытында, мектеп ішінде болған. Қыз бала үйіне келген соң мұғалімнің оны тізесіне күштеп отырғызып, әдепсіз әрекеттер жасағанын айтып шағымданған. Бастапқыда мектеп әкімшілігі ата-анаға бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуден бас тартқан. Тек полиция шақырылғаннан кейін ғана бейнежазбаларды алу мүмкін болған.

Шымкент қалалық ПД өкілдері қазіргі уақытта күдіктінің ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары бейнекамера жазбаларын зерттеп, куәгерлерден жауап алуда. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.