жұма, 27 ақпан, 2026 10:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Щучинскідегі дәмханадағы жарылыс 6 адамның өмірін қиды

Щучинскідегі дәмханадағы жарылыс 6 адамның өмірін қиды
фото: скрин
Өрт толық сөндірілді.

Щучинскіде дәмханада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйге тіркелген бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД күштері 5 минут ішінде жетті.

Өрт сөндірушілер ғимараттан 8 газ баллонын алып шығып, 10-нан астам адамды құтқарды. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адам қаза тапты.

Өрт толық сөндірілді. Қазір қирандыларды тазалау жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның себептері анықталуда. Жедел желі телефоны: 8 (7162) 514-298.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар