Руханият

Сөзім емес, сабырым сөйлесін - Қарақат өзін сынағандарға жауап берді

Қарақат Әбілдина әкесінің рухына ауызашар берді: желіде түрлі пікірлер айтылуда

Қазақ эстрадасының өкілі Қарақат Әбілдина марқұм әкесінің рухына арнап ауызашар беріп, бұл шара әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Өнер иесі жеке парақшасында әкесінің өмірден өткеніне жиырма жылға жуық уақыт болғанын жазып, қасиетті Рамазан айында дастархан жайып, Құран бағыштағанын жеткізді. Әншінің айтуынша, егер әкесі тірі болғанда, биыл тоқсан жасқа толар еді.

Шараға өнердегі әріптестері қатысқан. Қонақтардың қатарында Бекболат Тілеухан да болғаны белгілі болды. Дастархан басында ән айтылып, бірқатар азаматтарға шапан жабылғаны да жазылды.

Алайда осы жайт көпшіліктің әртүрлі пікір білдіруіне себеп болды. Кейбір желі қолданушылары еске алу дастарханының тым сән-салтанатты өткенін айтып, сын пікір қалдырды. Олардың ойынша, мұндай шара қарапайым форматта өтуі тиіс еді.

Желіде туындаған сыннан кейін әнші пікір білдірді:

Қоғамда еске алу дәстүрінің форматы мен мазмұнына қатысты көзқарас әртүрлі. Бұл жағдай да әлеуметтік желідегі пікір алуандығын тағы бір мәрте көрсетті.