сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 16:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Семейде әйелін аңдыған сталкерге үкім шықты

Семейде әйелін аңдыған сталкерге үкім шықты
BAQ.kz
Осылайша жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен.

Семей қаласында сот бірнеше ай бойы әйелді аңдыған 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.  

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы төрт ай бойы жәбірленушіге жүйелі түрде хабарламалар жазып, қоңырау шалған, оның үйі мен жұмыс орнына барған, сондай-ақ туыстары арқылы ықпал етуге тырысқан. Мессенджерлерде бұғатталғанына және абоненттік нөмірлері ауыстырылғанына қарамастан, ер адам байланыс орнатуға тырысуды тоқтатпаған.

Осылайша жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен. Қудалау фактілері тіркелгеннен кейін қылмыстық іс бір тәулік ішінде сотқа жолданды. Сот талқылауы барысында айыпталушының кінәсі дәлелденді. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның мінез-құлқына 10 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді, деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар