«Ғашықпын саған» фильмі 1 млрд теңге табыс тапты
Бұл туралы фильм авторлары хабарлап отыр.
«Ғашықпын саған» — 1 млрд. Ерекше махаббат хикаясының сіздердің жүректен орын тапқаны — біз үшін үлкен жеңіс. Бұл — команданың еңбегі мен көрермен махаббатының нәтижесі», — делінген фильмнің Instagram-парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, «Ғашықпын саған» фильмі 5 ақпанда прокатқа шыққан. Туынды үш аптадан бері прокатта жүр.
«Ғашықпын саған» фильмінде үлкен үмітпен Алматыға келген Еңлік пен әнші болуды армандайтын Арманның хикаясы баяндалады.