сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 12:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жазираның келіні: Кенжебек пен Жанболат құда болады

Жазираның келіні: Кенжебек пен Жанболат құда болады
коллаж: turkystan.kz
Бұл туралы әнші Кенжебек Жанәбіловтің жары Жәмиля Төлегенқызы өзінің парақшасында жазды.

Танымал жұп Жанболат пен Жазираның отбасына келін болып түсетін бойжеткеннің әнші Кенжебекпен туыстық байланысы қандай? 

Бұл туралы әнші Кенжебек Жанәбіловтің жары Жәмиля Төлегенқызы өзінің парақшасында жазды. 

«Кенжебектің балдызы.., Кенжебектің қарындасы.., Кенжебектің қайын әпкесінің қызы... Жанболат пен Жазираға келін болғалы жатқан кім? Бізге қандай туыстық қатысы бар? Осының бәрін өзім түсіндіріп берейін.Біз әке мен анадан жетеуміз. Қыздың кішісі – мен, ұлдың кішісі – Мұхамеджан. Мұхамеджан менен бір жас кіші. Анамыз 2004 жылы сырқаттанып жүріп, Мұхамеджанның үйленуін қалады. Сөйтіп, шаңырағымызға қазақылық пен салт-дәстүрді қастерлейтін, маңғаз Маңғыстаудың қызы – Лиза келін болып түсті. Лиза ибалылығымен, инабатымен әулетіміздің ажары мен базарына айналды. Араға бір жыл салып, дүниеге Асылы келді. Есімін анамыз қойды. Асылы деп әйгілі қазақ тілінің жанашыры Асылы Османова апамыздың құрметіне қойды. Асылы апамыздың өзін шақырып бесікке бөлетті. Асылы дүниеге келгеннен кейін араға 8 ай салып, анамыз дүниеден озды. Сосын Лизаның анасы Асылыны бағып-қағып, мектеп бітіргенше тәрбиесін берді. Сөйткен Асылымыз өсіп, Аллаға шүкір еліміздің ең танымал отбасыларының бірі Жанболат пен Жазираға келін болғалы жатыр. Құдай тіл-көзден сақтасын! Келіп жатқан сұрақтарға жауап бере алдым деп ойлаймын», - деп жазды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар