сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 12:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты
ашық дереккөз
Бас бапкер қызметіне Бегайым Қырғызбаева тағайындалды.

Қазақстан футбол федерациясы Бегайым Қырғызбаеваның  Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бегайым Сапарқызы – қазақстандық әйелдер футболының ең жарқын өкілдерінің бірі. Футболшы ретінде 11 рет Қазақстан чемпионы атанып, 10 мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

Ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп, Қазақстан әйелдер құрамасы тарихындағы ең көп матч өткізген рекордшы атанды. Оның еншісінде елдің басты командасы сапында 85 ойын және 17 гол бар.

Бегайым Сапарқызы бапкерлік қызметін 2022 жылы бастады. Ол «Оқжетпес» және «Елімай» әйелдер командаларын жаттықтырып, сондай-ақ Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.
 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар