Көктемгі каникулда оқушылар қанша күн демалатыны белгілі болды
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына жалғасып, 25 мамырда аяқталады.
Қазақстан мектептерінде оқу жылындағы ең ұзақ – үшінші тоқсан аяқталуға жақындады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025-2026 оқу жылына арналған бекітілген кестеге сәйкес, үшінші тоқсан 8 қаңтарда басталып, 10 аптаға созылады.
Көктемгі каникул 19 наурызда басталады. Бұған дейінгі демалыс кезеңдері 7 және 10 күнге созылса, бұл жолы оқушыларға 11 күн демалыс беріледі. Балалар сабаққа 30 наурызда қайта оралады.
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына жалғасып, 25 мамырда аяқталады.