"Аллаға мың шүкір!"; Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын бөлісті
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Мақпал Жүнісова жанкүйерлерімен қуанышты хабарын бөлісті. Қазақстанның Халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында 8 наурыз күні өтетін жеке концертіне билеттердің толықтай сатылып кеткенін жазды.
Мақпал Жүнісова Алматыдағы Республика сарайы сахнасында өтетін екі бірдей концертке де көрермендер тарапынан жоғары сұраныс болғанын жазады.
Бұл жаңалықты естіген тыңдармандар әлеуметтік желіде құттықтау тілектерін жаудырып, концертті асыға күтетіндерін білдіруде.