сейсенбі, 24 ақпан, 2026 18:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

152 млн теңге субсидия жымқырылған

152 млн теңге субсидия жымқырылған
Фото: ҚМА видеосының скрині
Көкшетауда агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін мемлекеттік субсидияларды ірі көлемде жымқыруға қатысты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеуді агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізді. Екі жыл бойы «МолПродЖаркаин» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры А.Ефимкина және «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы А. Маслов сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған.

Шаруа қожалығы мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан ақпараттық жүйеде ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне 3 млн келіден астам сүт жеткізілгені туралы жалған құжат рәсімделген. Осы құжат негізінде сүтті сары май мен ірімшікке өңдеу туралы есептер жасалып, уәкілетті орган өтінімді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған.

Мемлекетке 152 млн теңге залал келтірілген.

Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды. Бұдан бөлек, субсидиялардың бір бөлігі жасыру мақсатында А.Ефимкинаның туысының депозитіне аударылған. Кейін бұл қаражатқа мобильді ғимарат сатып алынып жалға берілген.

Сот үкімімен А.Маслов пен А.Ефимкина 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар