сейсенбі, 24 ақпан, 2026 21:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Сөмкемнің бағасы 12 млн теңге": Ерке Есмахан күйеуінің сыйлығын айтты

"Сөмкемнің бағасы 12 млн теңге": Ерке Есмахан күйеуінің сыйлығын айтты
Фото: ашық интернеттен
Ерке Есмахан желіде жұбайы Райымның бірнеше қолтырауынның терісінен тапсырыспен тігілген сөмкесі туралы жазба қалдырған. Мұны "Әдепсіздік - әпербақындыққа апарады" деп жазды журналист Қажымұқан Ғабдолла.

Ананың екі қолының бірімен баласын, екіншісімен әлемді тербететіні - өте рас. Осы бір ғажайып ертегідей әсерлі сезім жаныңды тебірентіп, тіліңе тәтті сөздер ілгің келеді...

Бірақ, кенет, көңілдің пәсейіп қалатын кезі де болады. Мысалы, қазақтың ерке қызы, танымал әнші Ерке Есмахан желілерле күйеуі Райымның өзіне арнап тігілген қымбат сөмке сыйлағанын айтып қана қоймай оның бағасының 12 млн теңге екендігін айтты.

Бұл не деген әдебі жоқ - әдет?

Артынша әлгі түсін өзгертетін хамелеон құсап басқа кейіпке түсе қалып: «Ауылдан шығып, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келдім. Керемет орталарды көріп, көп нәрсені түсіне бастадым. Осыдан 10 жыл бұрын қомақты табыс таба бастағанымда, дәл осындай сөмке ұстаймын, деп ойламадым. Бала күнімнен сәнге жақынмын. Аңыз-сөмкені қатты армандадым. Міне, күйеуімнің арқасында орындалды. Әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін дүниелер бар. Оған ұмтылу - еш айып еиес. Өзімнің арманым әрі күйеуімнің қолдауының арқасында армандаған сөмкені алдым. Бағасы - 12 млн теңге. Тапсырыс беріп, екі ай күттім. Арнайы мен үшін ғана тігілген. Көлемі - 25 сантиметр. Осы жылдың тренд түсі. Бірнеше қолтырауынның терісі. Әрине, әңгіме сәнді киінуде емес. Ең маңыздысы, деннің саулығы», - депті қарындасымыз...

Мейлі ерлі-зайыпты мүмкіндік болса, бір-біріне яхта мен ұшақ та сыйлап жатады, бірақ, әдепті адам, қоғаммен санасатын адам - тағдырлы мыңтүрлі халықтың ішінде талай тар жол, тайғақ кешіп жүргендердің; тағдыр соққысынан есеңгіреп жүргендердің көңіл-күйі ескеруге тиіс.

Біреулер бір млн теңгеге жет­пейтін ақша үшін отбасынан ажырасу былай тұрсын, өз-өзіне қол салып, өмірмен қоштасып жатыр...

Меніңше, әсіресе, осы әнші­лер­ден бастап, желілерде ақшасы мен дүниесінің көп екендігіне мақ­танатындарға заңмен тиым салынуы керек. Әйтпесе, қара­па­йым әдептілікті - қалтасы қа­лың адамдардың ешқашан түсін­бейтіндігіне көзіміз анық жетті...

Қажымұқан Ғабдолла.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар