Былтыр Қазақстанда қандай автокөлік көп сатылды
Бұл туралы Қазақстан Автокөлік одағы мәлімдеді.
2025 жылы Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік түрлері қандай?
Бұл туралы Қазақстан Автокөлік одағы мәлімдеді.
Айта кетерлігі, ең өтімді қатарында Chevrolet, Hyundai, Kia және басқа да маркалар бар.
Атап айтқанда, 2025 жылы Қазақстандағы сатылым көлемі бойынша үздік 10 брендтің қатарына мына автокөліктер енді: Hyundai – 50 868, Chevrolet – 38 880, Kia – 23 402, Chery – 14 570, Jetour – 14 507, Haval – 11 688, Toyota – 11 338, Changan – 11 260, Jac – 10 330, Geely – 9 621 автокөлік. Оның ішінде Toyota мен Geely импортталған көліктер санатына жатқызылса, қалғандары Қазақстанда құрастырылған.
Ал 2025 жылы ең көп сатылған автокөлік модельдері төмендегідей болды:
Chevrolet Cobalt – 31 802 автокөлік,
Hyundai Tucson – 20 697 автокөлік,
Kia Sportage – 10 988 автокөлік,
Hyundai Mufasa – 8 203 автокөлік,
Hyundai Elantra – 7 867 автокөлік,
Hyundai Santa Fe – 5 764 автокөлік,
Chevrolet Onix – 5 732 автокөлік,
Changan CS55PLUS – 5 558 автокөлік,
Chery Tiggo 2 – 5 278 автокөлік,
Jac S3 PRO – 5 127 автокөлік.